TANK иелері Шарын шатқалын игерді
TANK иелері Шарын шатқалын игерді

TANK иелері демалыстарын босқа өткізбейді! Бұл жолы шамамен 100 адамнан тұратын 32 экипаж Қазақстанның табиғаты сұлу жерлерінің бірі – Шарын шатқалына жол тартты.

Көліктердің басын әуесқой автомобильші және белгілі блогер Диас Уәлихан бастап келе жатты. Ол бастаған көліктер керуенінің жүргізушілері темір тұлпарларын жолдың сынағына салып қана қоймай, айналадағы әсем табиғат көріністері мен клуб мүшелерінің арасындағы ауызбірлік пен жылы шырай әсерінен ләззат алды.

Белгіленген бағдар аса қиын болған жоқ, дегенмен тас жол төселмеген және аялдап, суретке түсуге болатын көркем жерлермен өтті.

Бұл автошеру жай ғана табиғатқа шығу емес, әр қатысушы өзі сияқты саяхатты сүйетіндермен бірігіп саяхаттаудың рақаты мен қызығын сезіне алды. Ауызбірлігі жарасқан осынау қауымдастыққа қосылғыларыңыз келсе, TANK иелерінің клубына қош келдіңіздер және жаңа көкжиектерді бірге ашайық!

Басқа жаңалықтар

Атырау қаласындағы TANK қызмет көрсетуіндегі өзгерістер!

TANK 500 Black автокөліктеріне арналған кері қайтару сервис науқаны

Tank автокөліктерінің бүкіл модельдік қатарын енді онлайн сатып алуға болады